{metadescription}
Жұмысқа орналаспақ болған 12 ақтөбелік алданып қалды

Жұмысқа орналаспақ болған 12 ақтөбелік алданып қалды

Ақтөбеде жас жігіт адамдарды жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 12-сін алдап соқты.

2021 жылдың қыркүйек айынан бері Ақтөбе қаласының тұрғыны он екі адамды алдады. Күдікті Темір ауданының 40 жастағы тұрғынын компаниялардың біріне оператор етіп жұмысқа орналастыруға уәде беріп, өз қызметі үшін 60 000 теңге сұраған. Ақшаны алған соң, хабарсыз кеткен.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктінің тағы 11 адамды алдағаны анықталды. ҚР ҚК «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Мойындау айғақтары бар», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.