Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркия Ресейге қарсы санкция салуды жоспарлап отырған жоқ
Түркия Ресейге қарсы санкция салуды жоспарлап отырған жоқ, деп мәлімдеді Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын.
Фото: Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын. © TRT
10:39 02.03.2022
"Біз еліміздің басымдықтарын ескере отырып әрекет етуіміз керек. Ресеймен келіссөз жүргізуге икемді тарап болуға тиіс. Барлығы дәнекер болудан жалтарған кезде Ресеймен кім сөйлеседі? Біз бұл арнаны ашық қалдыру үшін санкциялар пакетін жоспарлап отырған жоқпыз", - деді Калын CNN Turk телеарнасына берген сұхбатында.
Ол соғыс тез аяқталады деп үміттенетінін айтты. Түркия қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін жақтайды, деп жазады sputnik.
"Маған Ресей ғалымдарын, өнер адамдарын, спортшыларды барлық халықаралық жарыстан шеттету ақылға қонымсыз болып көрінеді", - деді Калын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram