{metadescription}
Елбасы туралы заңды қайта қарау Мәжілістің күн тәртібінде жоқ – Ерлан Қошанов

Елбасы туралы заңды қайта қарау Мәжілістің күн тәртібінде жоқ – Ерлан Қошанов

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер палата төрағасына ҚР Тұңғыш Президенті туралы заңды қайта қарастыру мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

«Мәжілістің жоспарында, күн тәртібінде бұл мәселе ескерілмеген. Кезінде тиісті заң қабылданды, Елбасы - тарихи тұлға. Мемлекет басшысы осы тұрғыда бірнеше рет пікірін білдірген болатын», - деді Е. Қошанов.

Сонымен қатар палата төрағасы жақында Қауіпсіздік кеңесіне, Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілгенін еске салды. Түзетулерде Елбасының Қауіпсіздік кеңесінде және Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жою көзделген. «Тұңғыш Президент туралы» заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалар Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алынып тасталды.

«Елбасы мәртебесі туралы норма қалды. Сондықтан бұл мәселені қайта қарау палатаның күн тәрбінде жоқ», - деді Ерлан Қошанов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.