{metadescription}
Қосшыда демалыс базасы өртеніп жатыр

Қосшыда демалыс базасы өртеніп жатыр

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласындағы демалыс базаларының біреуі өртеніп жатыр.

Оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру техникасы мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Демалыс базасының қызметкерлері ҚазАқпарат тілшісіне өрт шыққан кезде ғимаратта адам болмағанын айтты.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі Динара Есенбаеваның айтуынша, өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласынан құтқарушылар шақырылған.

«2 наурыз күні сағат 13.23-те Қосшы қаласының Әйтеке би көшесіндегі 33 «а» мекенжайы бойынша орналасқан «Чистые пруды» демалыс аймағының аумағында ғимараттың шатырынан өрт шыққан. Өрттің алын ала себептері мен шарпыған аудан анықталып жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің 1 техникасы мен 4 қызметкері, Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 2 техникасы мен 7 қызметкері барды. Өрт әлі сөндірілген жоқ», - делінген Ақмола облысы төтенша жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметте.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде