Қаңтар оқиғасы: Алматыда қару дүкенін тонағандар 5 жылға сотталды
Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенін тонап кеткендерге қатысты үкімді жариялады.
Автор: Алматыда ұрлаған азаматтар
15:38 02.03.2022
"Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімі бойынша, Оңтай мен Жеңісхан "Алпамыс" аңшылық дүкенінен қару ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оларды бес жылға бас бостандығынан айырды", - деді Қилымжанов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерден бөлек, тонау, ұрлық, қару-жарақ ұрлау, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану фактілері тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!