Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті
Екібастұзда реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен өттіп бара жатқан кен екі баланы көлік қағып кетті.
19:24 02.03.2022
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 наурыз күні сағат 07.45-те Мәшһүр Жүсіп - Торайғыров көшелерінің қиылысында «Hyundai Accent» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 2007 және 2017 жылдары туған жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.
«Олар реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен өткен. Жол- көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған балалар ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram