{metadescription}
Қар аралас жаңбыр жауады: синоптикер алдағы үш күнге болжам жасады

Қар аралас жаңбыр жауады: синоптикер алдағы үш күнге болжам жасады

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Солтүстік бөлігінде бұрқасын болады. Қазгидромет 5-7 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын болжады. Синоптиктер мәліметіне сәйкес, демалыс күндері циклон Жерорта теңізінен ауысып, елдің көп бөлігіне ылғалдың үлкен қорын әкеледі. Соған байланысты 5 наурызда батыста және оңтүстікте, 6 наурызда елдің солтүстік жартысы мен орталығында қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Солтүстік бөлігінде бұрқасын болады. Ірі қалалардағы ауа райы Алматыда 5-6 наурызда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +2...+6C көрсетеді. Күндіз +10...+13C болады. 7 наурызда қар аралас жаңбыр жауады, түнде +3C, күндіз +7C көрсетеді.

Нұр-Сұлтанда 5 наурызда жаңбыр жауады, түнде -9C, күндіз +3C. 6 наурызда қар аралас жаңбыр жауады, түнде +1C, күндіз +2C болады. 7 наурызда қар аралас жаңбыр болады, түнде -7C, күндіз 0 C.

Шымкентте 5 наурызда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +8C, күндіз +19C. 6 наурызда жаңбыр жауады, түнде +3C, күндіз +12C көрсетеді. 7 наурызда да аздаған жаңбыр жауады деп болжанды, түнде +4C, күндіз +10C болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.