{metadescription}
Семейде автобус жүргізушілері екі аптада 256 рет ереже бұзды

Семейде автобус жүргізушілері екі аптада 256 рет ереже бұзды

Семей қаласында автобус жүргізушілері соңғы екі аптада 256 рет ереже бұзды.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы екі аптада шаһар бойынша «Автобус» жедел алдын алу шарасы жүргізілген. Мұндағы мақсат – қоғамдық көліктерді және жолаушы тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілерді тексеру, жол ережесін бұзудың алдын алу.

«Шара қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері автобус жүргізушілері тарапынан жасалған 256 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде маневр жасау ережелерін бұзу бойынша – 34, техникалық байқаудан өтпеген автобустарды басқарған – 12 адам жауапқа тартылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ 32 жүргізуші рульге отырған кезде телефон пайдаланса, 4 қоғамдық көлікте заңсыз қайта жабдықтау фактісі тіркелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде