Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда коронавирустың бесінші толқыны аяқталуға жақын
Бұл туралы брифинг барысында мегаполистің бас санитария дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті.
Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин
14:38 04.03.2022
Оның айтуынша, қалада коронавирустың тәуліктік өсім 0,03-ке дейін төмендеген.
«Алматыда COVID-19 індетінің бесінші толқыны аяқталуға жақын қалды. Аурудың айтарлықтай жылдам төмендеуі ұжымдық иммунитеттің жоғарылауымен байланысты, ол 59 пайыздан асты (соңғы 6 айда вакцина алғандардың 54,6 пайызы және сауыққандардың 4,5 пайызы). Инфекция көздерінің азаюы үшін 6 айдан астам уақыт бұрын вакцина алған 254 885 ревакцинациядан өтті», - деді Қасымхан Алпысбайұлы.
Сонымен қатар, бас дәрігер коронавиурсқа қарсы екпеден жалтарып жүргендер әлі де бар екенін тілге тиек етті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram