Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Туристер Шымбұлақта қар барысына тап болды
Шымбұлақ тау-шаңғы курортында қар барысы тау етегіне түсті.
Фото: © jenta
16:40 04.03.2022
Демалушылар оны видеоға түсіріп алды. Бейнежазбадан қар барысының алаңсыз жоғары шығып бара жатқанын көруге болады. Көлік ішінде отырған куәгерлердің таңғалсында шек жоқ.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдерінің айтуынша, туристердін түсірген бейнежазбасы сирек кездесетін оқиға.
«Шымбұлақ шатқалында туристер түсірген қар барысының видеосы көпшіліктің назарын аударып, қызығушылығын тудырды. Барыс нақ осы түсірілім болған жерде тұрақты мекендемейді. Оның бұл аймаққа келуі қорегі саналатын тұяқты жануарлардың (елік, сібір тауешкісі, т.б.) миграциясына тікелей байланысты болуы мүмкін», - деп хабарлады Іле Алатау МҰТП Ғылыми зерттеу жұмыстары және таулы агробиоәртүрлілік бөлімінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram