Қысқы Паралимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды
Қытай астанасы Бейжің қаласында 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды.
Фото: ҰПК
20:13 04.03.2022
Салтанатты спорттық шара «Құс ұясы» деп аталатын ұлттық стадионында өткізілді. XIII қысқы паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының Туын пара шаңғы жарысынан Әлем Кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шықты.
Ұлттық Паралимпиада құрамасына бес спортшы кірді: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко. Қазақстан паралимпиадашылар екі спорт түрі бойынша өнер көрсетеді: пара биатлон және пара шаңғы.
Спортшылар спорттың шаңғы жарысынан, биатлоннан, тау шаңғысы спортынан, следж-хоккейден, арбадағы керлингтен және сноуборд секілді спорттың алты түрінен 78 жүлдені сарапқа салады.
Қысқы Паралимпиада ойындары 13 наурызға дейін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!