Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Аралас жекпе-жек: қазақстандық спортшы қарсыласын уақытынан бұрын жеңді
Бүгін Almaty Arena-да қазақстандық промоушнның аралас жекпе-жектен Naiza 37 турнирі өтіп жатыр, оған қазақстандық спортшылар да қатысуда.
20:32 05.03.2022
175 фунтқа дейінгі категорияда октагонда қазақстандық Нұрбек Отар мен Әзербайжан өкілі Мұхамад Исмаилов кездесті. Жекпе-жектің екінші раундында отандасымыз қарсыласын ұрып құлатты. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, Отардың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін жариялады.
Еске салайық, кештің басты оқиғасы Серік Разғалиев (7-1) пен бразилиялық Дуглас де Оливейра (10-5) арасындағы жекпе-жек болмақ. Жеңімпаздар жартылай орта салмақ дәрежесіндегі чемпион атағы үшін бақ сынайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram