{metadescription}
Головкин мен туралы айтқан жаман сөздері үшін жауап береді - Канело

Головкин мен туралы айтқан жаман сөздері үшін жауап береді - Канело

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жеке есеп айырысатынын мәлім етті. Сондықтан, ол осы жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін үшінші жекпе-жекті күтіп жүр.

«Иә, ол менің жеке шаруам, себебі ол мен туралы көп жаман нәрсе айтты. Сондықтан әр сөзіне жауап береді», - деді «Канело» Головкин туралы Сан-Диегодағы бокс кешінде DAZN-ға берген тікелей эфирдегі сұхбатында. 

Айта кетейік, жұртшылық Головкинмен үшінші айқас туралы әңгімеге шуылдасып кетті. 

Жекпе-жек өтуі үшін «Канело» 7 мамырда жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Биволды, Головкин 9 сәуірде орта салмақтағы WBA чемпионы Риота Муратуды жеңуі тиіс. 

«Мен не себепті қазір өтейін деп жатқанын білмеймін, - деді Альварес үшінші айқас туралы. – Менің ойымша, бәрі жеткілікті болған сияқты. Бірақ, біз келісім жасадық, бұл - мен үшін ең тиімді келісім. Бізде үшінші айқас өткізуге мүмкіндік бар. Мен Биволмен айқасқа бар күшімді салып дайындалып жатырмын, қалғанын кейін көрерміз».

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.