{metadescription}
Kөшкін салдарынан пойыздар уақытша тоқтатылды

Kөшкін салдарынан пойыздар уақытша тоқтатылды

«Грузия теміржол компаниясының» баспасөз қызметі Имерети облысы Харагаули ауданы Марелиси ауылы маңында көшкін жүріп жатқанын хабарлады, соның салдарынан елдің шығыс және батыс аймақтары арасындағы қатынас уақытша тоқтатылды.

«Марелиси ауылы маңындағы Рикоти асуында көшкін жүріп, салдарынан теміржол арқылы өтетін автомобиль көпірі айтарлықтай зардап шекті. Темір жолдың түйіспе желісі де зақымданған. Оқиғаға байланысты таңертеңнен бері жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды», - деп жазды ТАСС ақпарат агенттігі.

Оқиға орнында байланыс желісі жөнделіп жатыр.

«Пойыз қозғалысын қалпына келтіру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», -делінген хабарламада.

Дереккөз: Zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде