{metadescription}
Боранға байланысты елордадан шығатын жолдар қайта жабылды

Боранға байланысты елордадан шығатын жолдар қайта жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты елордадан шығатын бірқатар жолдарда көлік қозғалысы шектелді.

Ikomek қалалық шұғыл қызметі таратқан мәліметке сенсек, 7 наурыз күні сағат 14.20-дан бастап Нұр-Сұлтаннан шығатын бірқатар республикалық жолдар жабылады.

Нақтылап айтқанда, «Екатеринбург - Алматы» жолының 917-1247 шақырым аралығында, «Нұр-Сұлтан - Жақсы ауылы» учаскесінде көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынған.

Сонымен қатар сағат 15.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Петропавл» жолының 18-231 шақырымдарының аралығында, «Нұр-Сұлтан - Щучинск» учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Одан бөлек, «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» жолның 16-156 шақырымы да жабылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде