Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақмола облысындағы жол апаты: бірнеше көлік соқтығысты
Бүгін сағат 15-20-да Ақмола облысының Шортанды ауданында Бозайғыр ауылының маңында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолында жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды.
20:44 07.03.2022
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары дереу шықты.
«Оқиға орнында Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 16 қызметкері мен 4 техникасы, мен Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 9 қызметкері мен 3 техникасы зардап шеккендерді құтқару және адамдарды эвакуациялау бойынша көмек көрсетуде. Сондай-ақ, оқиға орнында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, өңір полицейлері және жедел жәрдем жұмыс істеуде», - деді ведомстводан.
Анықталғандай, 7 жеңіл және бір жүк көлігі соқтығысқан.
«Құтқарушылар зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Сонымен қатар, жаппай жол апатына байланысты оқиға аймағында 100-ге жуық автокөліктің кептелісі орын алды», - деп толықтырды ведомстводан.
Айта кетсек, өңірдің полицейлері мен құтқарушылары боран мен көріну шектеулігіне байланысты сағат 15:00 бастап аталған жол учаскесінде көлік қозғалысына тыйым салды.
Осы ретте, өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ақмолалықтарға жолдардың жабылуы туралы смс хабарлама алған кезде жолға шықпауға кеңес береді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram