Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақмола облысында боранда жолда қалған 85 адам құтқарылды
Ақмола облысында боранда жолда қалған 85 адам құтқарылды, оның 19 бала.
15:23 08.03.2022
«Облыс аумағында 7 және 8 наурыз аралығында ақтүтек боран болды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шығып, қар құрсауында қалған 85 адам құтқарылды, оның 19-ы бала. Балалар арасында бір жасқа дейінгі сәбилер де бар. Өрт сөндіруші-құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында жолаушылар жылыту орындарына эвакуацияланды. Құтқару жұмыстары Бурабай және Аршалы аудандарында жүргізілді, құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеді», - деді ведомстводан.
Осы ретте, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ақмолалықтарға жолдардың жабылуы туралы смс-хабарлама алған кезде жолға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетсек, наурыздың 7-де Шортанды ауданының Бозайғыр ауылы маңында, яғни «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолында жаппай жол-көлік оқиғасы орын алған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram