Мәжіліс депутаты Файзолла Қаменовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Файзолла Қаменовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатылды.
10:42 09.03.2022
«ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Файзолла Қаменұлы Қаменов міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес Ф. Қаменовтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шеші үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!