Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты ретінде Қазақстан халқына ант берді
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Аманжол Әлтай депутат ретінде ант берді.
10:44 09.03.2022
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді А. Әлтай.
Сонымен қатар, бүгін палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаты А. Әлтай Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «AMANAT» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды .
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram