Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағанды облысында уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткендер ұсталды
Қарағанды обылысының Шахтинск қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышынан қашып кеткен екі ер адам ұсталды.
12:15 09.03.2022
Заң бұзушылар тергеуде болған. Енді негізгі айыппен қоса, оларға изолятордан қашқаны үшін жаза мерзімі қосылуы мүмкін.
«8 наурызда Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысының серуендеу ауласынан тергеу барысына қамауға алынған екі адам қашып кетті. Алайда қылмыскерлер алысқа ұзап кете аламады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде қашқындарды ұстады. Қашу фактісі бойынша ҚР ҚК 426-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram