{metadescription}
Қаңтар оқиғасы: Алматыда ұрланған қарудың ірі партиясы табылды

Қаңтар оқиғасы: Алматыда ұрланған қарудың ірі партиясы табылды

Алматы қаласында 5-6 қаңтарда болған тәртіпсіздіктер кезінде қару сататын дүкендерден ұрланған қару-жарақ партиясы табылды.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев айтты. Оңал Бекиев атап өткендей, Алматы әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысқан Өзбекстанның 23 жастағы азаматы ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, тұрғылықты жерінен 2 пышақ пен 1 пневматикалық тапанша тәркіленді. 

Сондай-ақ полицейлер оның 43 жастағы сыбайласын анықтап, ұстады.Тінту барысында пневматикалық қарудың 19 бірлігі мен оларға арналған патрондар, 10 пышақ, 1 арбалет, 6 оптикалық көзілдірік және 3 оптикалық құрылғы тәркіледі. 

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», - деп қорытындылады полиция генерал-майоры. 

Сонымен қатар күдіктілердің басқа да сыбайластарын анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.