Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елде интернеті нашар өңірлер аталды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елімізде интернет сапасы нашар өңірлерді айтып берді.
17:02 09.03.2022
Оның айтуынша, ең нашар интернет Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында. Қарағанды облысында ұсақ шоқылы жерлер бар, сондай-ақ оның бір бөлігі Ақтөбе облысын қамтыған.
«Бұл аумақтарда күрделі жер бедері болғандықтан, интернет тарту қиынға түседі. Дәл сондай мәселе Шығыс Қазақстан облысында да бар, бұл өңірде таулар арқылы интернет тартуда кедергілер болады», - деді А. Оразбек Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Осы орайда ол бұл өңірлер мен шалғайдағы ауылдарға интернет геостационарлы емес спутник байланысы арқылы қамтамасыз етіледі.
«OneWeb, Starlink-ті білесіздер... Осы спутниктер шалғай аудандарға сапалы интернет жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Оразбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram