Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі тағайындалды
Әбутәліп Мүтәлі Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды партия сайты.
Фото: nurotan.kz
17:23 09.03.2022
"Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Партияның баспасөз қызметі мәліметінше, ол "Ашық партия" бірыңғай тұжырымдамасы аясында цифрландыру, мобильді қосымша құру және басқа да жобаларға жетекшілік етеді.
Әбутәліп Мүтәлі Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. "Болашақ" бағдарламасының түлегі. The Pennsylvania State University (АҚШ) бітірген.
Ол – интеграциялық платформаларды құрумен айналысатын және мобильді қосымшаларды әзірлейтін Bolashak Engineering компаниясының негізін қалаушылардың бірі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram