{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып келді
Бұл жайында Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті.
09:00 10.03.2022
«Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып келді», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.
Оның айтуынша, Анталия дипломатия форумы - ғаламдық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасатын дискуссия алаңы.
Биылғы форум «Дипломатияны қайта кодтау» тақырыбында өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!