{metadescription}
Украинадан қазақстандықтардың төртінші легі оралды

Украинадан қазақстандықтардың төртінші легі оралды

Репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04:57-де елордаға қонды.

Украинада болған қазақстандықтардың төртінші легі елге жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтары бар төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04:57-де елордаға қонды. Бортта 155 жолаушы болған.

Айта кетері, 9 наурызда төртінші репатриациялық рейс Атырау әуежайынан Польшаның Катовице қаласына Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:02-де ұшып шықты. Бұған дейін 28 ақпанда Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі жеткізілді. Алғашқы рейспен 169 ересек, 6 бала елге оралды.

1 наурызда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс Нұр-Сұлтанға жетті. Ол рейспен 120 ересек және 4 бала елге оралды. Үшінші рейс 4 наурызда орындалды. Бортта 131 адам болды, оның 20-сы бала.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.