{metadescription}
Ринат Кертаев Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды

Ринат Кертаев Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды

Бұл туралы аталған партияның Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

"Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімі бойынша Ринат Думанұлы Кертаев Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ринат Кертаев 1983 жылы 23 сәуірде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген.

2006 жылдан бастап "Хабар" агенттігінде жұмыс істеген. 2022 жылғы ақпаннан бастап Кертаев агенттіктің басқарма төрағасы міндетін атқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде