БҚО-да 3 көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында үш көлік соқтығысып, 2 жүргізуші қаза тапты.
08:18 11.03.2022
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 10 наурыз күні шамамен сағат 17.15-те Самара-Шымкент тасжолында Сырым ауданы Алғабас ауылы маңында болды.
«КамАЗ» және DAF жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан DAF көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Құтқару жұмыстары кезінде «КамАЗ» автокөлігін тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші есін жимастан, қайтыс болды. Содан кейін сол тұстан өтіп бтұрған ара жатқан «ВАЗ-2115» жеңіл автокөлігі тоқтап «КамАЗ»-бен түйіскен. Жеңіл көліктің 21 жастағы жүргізушісі, 55 және 36 жастағы екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
«Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!