{metadescription}
Шымкентте көшеден тастанды нәресте табылды

Шымкентте көшеден тастанды нәресте табылды

Шымкент көшелерінің бірінен тастанды бала табылды. Бұл туралы қаланың бас дәрігері Бақытжан Позилов әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.

Бақытжан Позиловтың хабарлауынша, сәбиді жедел жәрдем қызметкерлері құтқарып қалған.

«Тұрар Рысқұлов көшесінде орналасқан жедел жәрдем колл орталығы жанынан тастанды нәресте табылды. Сәбиді сол маңдағы адамдар көріп қалып, колл орталыққа алып келген», - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының парақшасында. 

Оның мәліметінше, өте ауыр жағдайдағы нәрестеге жедел жәрдем диспетчерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. 

Шақалақ ауруханаға жеткізілді. 

Ұл бала, салмағы 3 келі. Туғанына шамамен екі тәулік болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.