{metadescription}
Бибігүл Асылова білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Бибігүл Асылова білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

​​Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Бибігүл Амангелдіқызы Асылова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды.

Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады.

1994-1998 жылдары - Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеген.

1998-2016 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеген.

2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.