{metadescription}
Оралда зейнеткерді өз үйінде пышақтап өлтірген

Оралда зейнеткерді өз үйінде пышақтап өлтірген

Оралда белгісіз біреулер 72 жастағы әйелді өлтірді.

Зейнеткердің денесі өз үйінде көптеген пышақ жарақаттарымен табылды. Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Әйел бұл кезде үйінде жалғыз болған. Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді. 

"9 наурызда сағат 18:30-да Зачаганск кентінің жеке секторындағы үйлердің бірінен 1950 жылғы әйелдің мәйіті табылды. Қылмыскерлер қайтыс болған зейнеткердің мойын тұсын бірнеше рет пышақтаған. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. БҚО Полиция департаментінің барлық жеке құрамы аса ауыр қылмыстың артында кім тұрғанын анықтау үшін бар күш-жігерін салады. Қазірдің өзінде қылмысқа қатысы бар адамдардың тізімі пысықталуда. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтан Шалдарбеков.

Аталған деректен кейін Қылмыстық кодекстің 2 және 192-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде