{metadescription}
Қазақстанда валюта айырбастау пунктері қолма-қол ақша беруді шектемек

Қазақстанда валюта айырбастау пунктері қолма-қол ақша беруді шектемек

Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізу қиындай түсті.

Осыған байланысты Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы халыққа үндеу жолдады.

«Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын сатып алуға сұраныс артты. Шиеленіскен халықаралық саяси жағдайға байланысты елімізге басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізу қиындады. Сондықтан валюта айырбастау пункттері уақытша қолма-қол ақша беруді шектейді», - деді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының баспасөз қызметі.

Қауымдастық өкілі мұның қолма-қол валютаға қатысты екенін атап өтті. Қолма-қол ақшасыз валюта сіздің шоттарыңызда сақталады, оны сіз онлайн-банкинг арқылы көріп тексере аласыз.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл мәселе қолма-қол валютаны жеткізудің қиындауынан туып отыр. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Қазақстанға қолма-қол валютаны тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банкпен бірге шаралар қолданатынын хабарлады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде