{metadescription}
Қазақстанда тағы бір университет жабылады

Қазақстанда тағы бір университет жабылады

Тексеруден кейін Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті жабылды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне университет қызметкерлерінен шағымдар келіп түскен болатын. Бұл университетте жоспардан тыс тексеру жүргізуге себеп болды. Нәтижесінде комиссия тексеру парағының 46 тармағының 35-і бойынша заңсыздықтарды анықтады.

«Біздің басты міндетіміз – елімізде білім мен кадрлар даярлаудың сапасын арттыру. Егер бүгін университеттер тиісті талаптарға сай болмаса, онда ертең білімі мен біліктілігі жұмыс берушілердің сұранысына сай келмейтін мамандарды шығарамыз. Әрине, тексеру және лицензияны қайтарып алу – бұл сапалы білім беруді емес, тек пайда табуды бірінші орынға қоятындар үшін тиімсіз шара. Министрлік бірінші тексеруден кейін ЖОО басшылығына бұзушылықтарды жоюға уақыт береді, бірақ көбінесе олар сот талқылауларына уақыт жұмсауды жөн санап, кемшілікті жоюға асықпайды. Әрине, бұл университеттің жабылу уақытын едәуір кешіктіріп, студенттерден төлем түрінде кіріс алуға мүмкіндік береді», - деп айтты ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім.

Оның айтуынша, университет қызметіне қатысты шағымдар 2020 жылдан бастап түсе бастаған.

Сонымен қатар комитеттің шешімімен университет бас лицензиясынан айырылды. Бұл шешімге қатысты да университет тарапы сотқа шағымданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.