{metadescription}
Мемлекет басшысы Түркі академиясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Түркі академиясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық, Мұхтар Әуезовтің 130 жылдық мерейтойлары аясында халықаралық ұйымдармен бірлесіп, жоғары деңгейде өткізілетін іс-шаралар жайлы мәлімет берілді.

Сонымен қатар Президентке Халықаралық Түркі академиясы шығарған «Түркі әлемі атласы» мен бес мың жылдық антропологиялық тарихымызды баяндайтын кітаптар таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының бастамаларына жоғары баға беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.