{metadescription}
Байден Ресейге доллар кіргізуге тыйым салды

Байден Ресейге доллар кіргізуге тыйым салды

АҚШ Ресейге доллар купюраларын жеткізуге тыйым салды.

АҚШ президенті қол қойған жарлық Ақ үйдің сайтында жарияланды.

Бұйрық бойынша: АҚШ-тан немесе америка азаматының Ресей Федерациясының үкіметіне немесе Ресейдегі кез келген тұлғаға АҚШ долларын тікелей немесе жанама түрде экспорттауға, қайта экспорттауға, сатуға немесе жеткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар Байден Ресейден алкоголь, гауһар тастар мен теңіз өнімдерін әкелуге, елге сәнді тауарларды экспорттауға шектеу қойды.

Бұған дейін АҚШ Мәскеуден мұнай, газ және көмір сатып алудан бас тартқан еді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде