{metadescription}
Елде коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды
Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
11:50 12.03.2022
Қызылорда облысында бір адам коронавирустан қайтыс болды.
12 наурыздағы мәлімет бойынша, 11 394 адам коронавирус инфекциясынан (10 339 КВИ+ және 1 055 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 1 024 пациент стационарда,
- 10 370 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 86 адамның жағдайы ауыр,
- 27 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!