Елде 9 млн астам адам коронавирусқа қарсы толық егілді
Қазақстанда коронавирусқа қарсы 9 млн астам адам толық егілді, деп хабарлайды індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметі.
Фото: coronavirus2020.kz
13:47 12.03.2022
11 наурыздағы дерекке сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың 1-ші компонентін 9 419 678 адам, 2-ші компонентін 9 061 561 адам салдырды.
Бұған дейін елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатқанын жазған едік. Бүгінге дейін 895 411 адам вакциналанды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!