Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тасмағамбетовқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқан жоқ – Бас прокуратура
ҚР Бас прокуратурасы Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіп жатқан жоқ.
14:00 12.03.2022
Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке қатысты оның «Астана LRT» ЖШС-дағы ұрлыққа қатыстылығы фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқаны туралы хабарлама таратылуда.
Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - делінген Бас прокуратура мәліметінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram