Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ҰҚК Атырауда қылмыстық топты ұстады
Атырау қаласында есірткі бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды.
17:42 12.03.2022
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен мәлім етті.
«2022 жылғы 6 наурызда Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірлік жеткізу арнасына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан Республикасының 3 азаматын ұстады. Биылғы 7 наурызда топтың тағы бір қатысушысы ұсталды. Алдын ала деректер бойынша, ол есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған.
Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден астам марихуана есірткісі алынды, оның қара нарықтағы құны 60 млн теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.
Осы фактілер жөніндегі сотқа дейінгі материалдар ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - делінген ҚР ҰҚК хабарламасында.
Мәлім етілгендей, Атырау облысының тергеу соты көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram