{metadescription}
СҚО-да бір апта бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды

СҚО-да бір апта бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында түнде досынан шығып, көрші ауылдағы үйіне келмей қалған жігіттің денесі табылды.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Александрдың денесі 14 наурыз күні сағат 19.30 шамасында Петровка елді мекенінен 10 км жерде табылды. Бүріскен мүрдені жылқыларды іздеуге шыққан сол ауылдың жылқышысы бұталардың арасынан байқап қалған. Денеде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.

Есіл ауданы Александровка елді мекенінің 33 жастағы тұрғыны Александр Капелюк 6 наурыз күні жоғалған еді. Досының үйінен түнгі сағат 3.30 шамасында шығып кеткен жігіт, боранға қарамастан ауылға жаяу бармақ болған.

Із-түзсіз кеткен ер адамды табуға құтқарушылар, полицейлер, жергілікті билік өкілдері, Александрдың әріптестері – 40 шақты адам және 10 шақты техника жұмылдырылды, бірақ нәтиже бермеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде