Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде полицейлер есірткі жасыратын 24 орынды жойды
Биылғы 2 айда ішкі істер органдары 378 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 248 сату және 85 аса ірі көлемде есірткіні сақтау фактілері бар.
14:06 15.03.2022
Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
«Ақтөбе облысының есірткі қылмысымен күрес қызметінің өкілдер Ішкі істер министрлігінің арнайы жасағымен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын жүргізді және аса ірі көлемде синтетикалық есірткі дайындаумен айналысқан 30 жастағы тұрғынды ұстады. ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, ұсталған күдікті бұрын қала аумағында есірткі жасырумен айналысқан, содан кейін шамамен жарты жыл бұрын үйді жалға алып, синтетикалық есірткіні өз бетінше жасай бастаған. Есірткі Ақтөбе қаласында таратылған», - деді Ш. Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингте.
Ұстау кезінде ол өз еркімен мефедрон салынған 8 полиэтилен пакетін, сондай-ақ жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау кезінде пайдаланылатын жабдықтар мен құрылғыларды өз еркімен берген. Жалға алынған үйді тінту барысында оның серіктесі ұсталды, одан мефедрон салынған 3 пакет алынды. Ұсталғандар есірткі жасыратын 24 орынды көрсеткен және полиция қызметкерлері бұл орындарды жойды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 850 граммды құраған.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сақтау» бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Биылғы 2 айда ішкі істер органдары 378 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 248 өткізу және 85 аса ірі көлемде есірткіні сақтау фактілері бар. Заңсыз айналымнан 422 кг астам есірткі, оның ішінде 196 кг гашиш, 213 кг марихуана, 800 гр героин және 6 келіден астам синтетика тәркіленді. 7 есірткі зертханасы жойылды. Есірткіні жарнамалау және насихаттау фактілері бойынша сотқа дейінгі 11 іс және есірткіні Интернет арқылы өткізу фактілері бойынша 107 іс тіркелді», - деді Ш. Тұрлыбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram