Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандық паралимпидашылар елге оралды
15 наурыз күні Қазақстанның паралимпиада құрамасы Бейжіңдегі сайысты аяқтап, елге келді.
Фото: olympic.kz
14:52 15.03.2022
Olympic.kz сайтының жазуынша, отандық спортшыларды елорда әуежайында жанкүйерлер, журналистер, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілдері қарсы алды.
4-13 наурыз аралығында өткен Паралимпиада ойындарында шаңғы жарысы мен парабиатлоннан ұлттық құрама сапында Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев сынға түсті.
Парабиатлоннан (10 шақырым) бақ сынаған Александр Герлиц төртжылдықтың басты додасында қола жүлдені жеңіп алды.
Жалпыкомандалық есепте ұлттық құрама 17-орынды иеленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram