{metadescription}
Алматы облысында зейнеткер өз ұлын пышақтаған

Алматы облысында зейнеткер өз ұлын пышақтаған

Алматы облысының Талғар ауданы Бесағаш ауылында 74 жасар зейнеткер өзінің 44 жастағы баласын пышақтаған.

Жәбірленуші мен әкесінің арасында келіспеушілік орын алып, салдарынан зейнеткер өзнің ұлына пышақ салғаны анықталды. Науқас қазір дәрігерлердің қатаң бақылауында.

"71 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Бірақ оның жасы мен басқа да мән-жайлардағы өтінішхатты ескере отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп хабарлады Талғар ауданының полициясы.

Күдікті өзінің ересек ұлын ас үй пышағымен бірнеше рет ұрғанын мойындады. Осындай фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі "адам өлтіруге оқталу" бойынша жүргізілуде.

Дереккөз: Stan.kz       

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде