{metadescription}
Украинадағы Қазақстан азаматтары мінген бесінші рейс Алматыға қонды

Украинадағы Қазақстан азаматтары мінген бесінші рейс Алматыға қонды

Украинадағы қазақстандықтарды әкеле жатқан бесінші репатриациялық рейс Алматыға ұшып келді.

Air Astana әуекомпаниясының мәліметінше, Алматыға барлығы 89 жолаушы ұшып келді. Оның ішінде 56 Қазақстан азаматы, 32 Украина азаматы және бір Польша азаматы бар.

«Харьков қаласында тұратын туыстарыма қонаққа барғам. Қарулы қақтығыстың куәсі болдым. Әскерилер мен бейбіт тұрғындарға обал. Бізбен бірге украиндар да ұшып келді. Негізі 18 жастан асқан ер адамдар Украинадан ешқайда кетпеуі керек», - дейді Алексей.

Ол Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан елшілігіне алғысын жеткізді.

«Польшада олар бізге керемет жағдай жасап, жақсы қонақүйге орналастырды, барлығы Қазақстан үкіметі есебінен. Олар күніне үш рет тамақтандырды. Қазақстан Үкіметі мен Сыртқы істер министрлігіне рахмет», - деді ол.

Украина тұрғыны да Қазақстан Президенті мен Үкіметке рахмет айтты.

«Біз Польшада алты күн болдық, мен жиенімнің үйіне тоқтадым. Содан кейін соңғы күні бізді қонақүйге көшірді. Ол жақта тамақ жақсы болды, билет ақшасы да төленген екен. Қазақстан Үкіметіне және Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына рахмет айтамын. Мен Қазақстан азаматымын, бірақ Украина азаматына тұрмысқа шықтым. Жолдасым, кенже ұлым мен қызым сол жақта қалды. Олар оқиды, жұмыс істейді, оларды жібермеді. Мен жолдасым мен балаларым үшін қатты уайымдаймын. Енді қалай қайтып баратынымды білмеймін. Біз Винницада тұрамыз. Үнемі сирена ойнап тұрады. Өте қорқынышты. Анам мен ағам Петропавлда тұрады. Енді сол жаққа жолға шығамын», — деді Наталья.

Украинада үш жылдан бері тұрып жатқан Айнат та Қазақстан билігіне алғысын білдірді.

«Күйеуім сонда қалды, біз де оны тастап кеткіміз келмеді, бірақ ол біздің қауіпсіз болуымызды талап етті. Қызым екеуміз Қазақстанға ұшып келдік. Біздің Елшілік үлкен жұмыс атқарды. Оларға рахмет. Мен үш жылдан бері Днепропетровскіде тұрамын. Львовқа дейін пойызбен, одан кейін Польшаға автобуспен жеттік. Жақында күйеуіммен қайта қауышамыз деп үміттенемін», – дейді ол.

Еске салайық, 28 ақпанда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар отырған алғашқы рейс Алматыға қонған болатын. Ұшақта 175 қазақстандық болды, оның ішінде алты бала бар. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.