{metadescription}
Үш адам пойыз астына түсіп қала жаздады

Үш адам пойыз астына түсіп қала жаздады

Қазақстанда тәулік ішінде үш адам пойыздың астына түсіп қала жаздады.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландиннің мәлім еткеніндей, елімізде бір тәулікте теміржол көлігін шұғыл тежеу бойынша оннан астам оқиға тіркелген. Соның ішінде үш адам пойыздың астына түсіп қала жаздаған. Бұл оқиғалар Алматы облысында, Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларында болды.

Тексеру барысында ол азаматтардың көлік полицейлерінің тұрақты ескертуіне қарамастан, теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткені анықталды. Абырой болғанда, қырағылық танытқан машинистер теміржол құрамын дер кезінде тоқтатып, қайғылы оқиғаның алдын алды.

Үш құқық бұзушыға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 559-бабы 5-бөлігіне (теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өту) сәйкес хаттама толтырылды.

«Сонымен қатар теміржол маңында мал бағу мәселесі өзекті болып отыр. Пойыздарды бес рет шұғыл тежеудің арқасында малды басып кетуге жол берілмеді. Әйтсе де үй жануарларын қағып кетудің екі дерегі тіркелді. Теміржол маңында жайылып жүрген мал иелеріне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды», - деді полиция полковнигі Қ.Қобландин.

Биылғы 14-16 наурыз аралығында осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында департаменттің қызмет көрсету аумағында «Тоқтаңыз, басып кету қаупі бар!» іс-шарасы өтуде.

Көлік полицейлері азаматтарға теміржол бойында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде