Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Еуропада газ бағасы төмендеді
Дүйсенбі күні Еуропа биржа алаңында газ бағасы төмендеді.
19:39 15.03.2022
ICE Futures (Нидерланды) биржасында газ бағасы сауда ашылғанда мың текше метрі 1 200 АҚШ долларына дейін төмендеді. Сәуірдегі фьючерстердің бағасы TTF хабында 15,99%-ға дейін төмендеп, 1 МВт•сағаты 110,25 еуроға жетті.
«Көк отын» жеткізілуінің тапшылығына байланысты бірнеше ай бойы газ бағасы айтарлықтай өскен болатын. Бельгиядағы БАҚ мәліметінше, Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздер шикізат сатушылардың күмәнін төмендеткен.
Газ бағасының динамикасына Еуропадағы ауа райының жақсаруы мен жылыту маусымының наурыз айының соңында аяқталатын кезі жақындағаны қосымша ықпал еткен.
«Газпром» ресейлік компаниясы Еуропаға газды штаттық режимде жеткізіп жатыр, соның ішінде Украина аумағы арқылы.
«Газпром» өкілдерінің айтуынша, бір тәулікте Еуропаға 109,5 млн текше метр газ жеткізілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram