{metadescription}
Ақтөбелік медицина мекемесінің көлігін ұрлап айдап кетті

Ақтөбелік медицина мекемесінің көлігін ұрлап айдап кетті

Медициналық мекеменің арнайы көлігін тоқтатқан полиция қызметкерлері жүргізушінің оны біреудің ауласынан заңсыз айдап кеткенін анықтады.

Патрульдік полиция қызметкерлері Өрлеу ауылы маңында жол ережесін бұзғаны үшін «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. 29 жастағы ер адам көлік құралын мас күйінде басқарған. Тексеру кезінде оның бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

«Автокөлік медициналық мекемеге тиесілі. Жүргізуші ол мекемеде ресми түрде жұмыс істемейді. Ер адам полиция қызметкерлеріне Ақтөбе қаласы Қазанғап көшесіндегі үйдің ауласынан «УАЗ» автокөлігін заңсыз иемденіп, Өрлеу ауылына барғанын айтты. ҚР ҚК-нің «Автомобильді заңсыз иелену», сондай-ақ ҚР ҚК-нің «Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамды басқару» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Ақтөбе қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.