{metadescription}
Ықпалды адамдар заңсыз әрекеттерін одан әрі жалғастыра беруді көздеді

Ықпалды адамдар заңсыз әрекеттерін одан әрі жалғастыра беруді көздеді

Ықпалды адамдар заңсыз әрекеттерін жалғастырып келді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті.

«Қазір алдын ала қорытындылар дайын. Біз теріс пиғылды адамдардың мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғанын нақты білеміз. Осы ретте «бүлікшілер не үшін мұндай қадамға барды» деген сұрақ туындайды. Жауабы айдан анық. Соңғы жылдары біз Қазақстанда түбегейлі жаңғыртуға, трансформациялауға көштік, түрлі салада ауқымды өзгерістер басталды. Бұл кейбір ықпалды адамдарға ұнамады. Олар жылдар бойғы заңсыз әрекеттерін одан әрі жалғастыра беруді көздеді. Неғұрлым жоғары билікке ие болуды көкседі. Сол үшін кәнігі қылмыскерлер, қарулы бандылар мен опасыз шенеуніктер бірігіп, астыртын топ құрды. Ішкі және сыртқы жауларымыз өзара ымыраласып, билікті басып алғысы келді. Олар халықтың наразылық шеруін басқа арнаға бұрып, жұртты қасақана арандатты», - деді Президент.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.