Қазақстанда орташа жалақы 272 мың теңгеден асты
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы ақпан айында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 272 968 теңгені құрады.
19:39 16.03.2022
«Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 2022 жылғы қаңтар айындағы бағалау бойынша 136 243 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 11,5%-ға жоғары, көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай кірістер 2,8%-ға өсті», - деді Ұлттық статистика бюросы.
Бұл ретте бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2022 жылғы ақпандағы бағалау бойынша 272 968 теңгені құрады. Бір жыл ішінде қызметкердің орташа айлық жалақысы 18,6%-ға өсті.
Ақпан айында жұмыссыздар саны 451,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрады.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 161,9 мың адамды немесе жұмыс күшінің 1,7%-ын құрады.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары