Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында ауылшаруашылық саласына бюджеттің 9% ғана бөлініп келген
Аграрлы аймақ саналатын Алматы облысында ауылшаруашылық саласын қаржыландыру өте төмен.
13:32 17.03.2022
Бұл мәселені депутат көтерді. Алматы облыстық мәслихатының Бюджетті жоспарлау тұрақты комиссиясының төрағасы Секенбай Шеңгелбаев өңірде ауылшаруашылық саласын қаржыландыру өте төмен екенін жеткізді.
«Біздің Алматы облысының бюджеті 857 млрд теңге болса, оның 61,3% әлеуметтік салаға бөлінсе, оның ішінде тек білім саласына 434 млрд теңге бөлінеді. Ал ауылшаруашылық саласына небәрі 9% ғана қаражат бөлініп келген. Оның өзінде 9 пайыздың өзі толықтай ауылшаруашылық емес, оның ішінде орман шаруашылығы тағы бар. Яғни, шындап келгенде ауылшаруашылық саласына 4,7 % ғана қаржыландыру жүріп келеді. Сондықтан бұл мәселені дұрыс жолға қою керек. Қаржыландыруды көбейту керекпіз. Себебі, Алматы облысының драйвері - ауылшаруашылық саласы»,- деді Бюджетті жоспарлау тұрақты комиссиясының төрағасы Секенбай Шеңгелбаев.
Сондай-ақ, спикер Жетісу жерінде қант қызылшасын өсіру алқабын көбейтуді қолға алуды ұсынды.
«Қант ол керек дүние. Ертең қант тапшылығы болса, бәрі қымбаттайды. Сондықтан субсидия көлемін ұлғайту керек», - деді Алматы облыстық мәслихаттың депутаты Секенбай Шеңгелбаев.
Айта кетейік, қазір Талдықорғанда Алматы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағаларының қатысумен жиын өтуде. Басқосуға басқарма басшылары қатысып, бюджетті жоспарлаумен танысуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram