Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтауда полицейлер батып бара жатқан әйелді құтқарды
Ақтаулық полицейлер суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
15:20 22.03.2022
17 наурыз күні Ақтау қалалық полиция басқармасының кезекші пультіне «Самал» шағынауданында бір қыздың теңізге секіріп, батып кеткені туарлы хабар келіп түсті. Оқиға орнына «Сұңқар-5» патрульдік полиция батальонының экипажы жіберілді.
Оның құрамында Ержан Көкенов, Мұрат Шыныбеков және учаскелік полиция инспекторы Нұржан Жакиев болды. Патруль полициясының инспекторы Ержан Көкенов киімін шешіп, бірден қызды құтқаруға кіріскен.
Полиция қызметкерлері оған алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақыртқан.
Қазіргі кезде 30 жастағы әйелдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram